Қостанайда ұландықтар пневматикалық қару тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің әскери жасағына екі әйел жолығады. Олар «Жұлдыз» дүкенінің қасында белгісіз азаматтың қолынан тапаншаны көргенін айтады.

Әскери жасақ бастығы, ефрейтор Рүстам Сатуалдин және патрульшілер қатардағы Диас Айдарбек, Нұртілеу Үрістамбеков айтылған ауданға беттейді. Сипаттамаға келетін азаматтың қасына жақындағанда әлгі ер адам қолын көтеріп, өз еркімен тәртіп сақшыларына беріледі, - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұландықтар азаматты ұстап, 102 нөміріне хабарлайды. Әскери жасақтар бойынша кезекшіні шақырады да Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөліміне жеткізеді.

Тінту барысында 1985 жылы туған азаматта өзімен пневматикалық GIetcher NGT 4.5 mm BIack (Наган) тапаншасы және 4 оқ-дәрісі болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы