Қостанайда медицина қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ұйымының шаруашылық бикесі пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінде оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Ол К. азаматшасын арандатты деп күдіктелуде. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына оны Covid-19 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына санитар лауазымына орналастыру туралы мәселені шешкені үшін 1 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге қатысты, - деп хабарлады ведомстводан. 

Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы