Қостанайда көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарған 22 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда көлік құралын жүргізу куәлігінсіз басқарған 22 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында, сондай-ақ жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу үшін облыс аумағында ағымдағы жылдың 17 мамырынан 16 маусым аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатыр.

ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Құрмет Мажикеновтың сөзінше, іс-шараны өткізудің үш күн ішінде 900-ден астам бұзушылық, оның ішінде масаң күйде көлік құралын басқарудың 24 фактісі, жылдамдық режимін арттырудың 80 фактісі анықталған.

Полиция қызметкерлерін автокөлікті басқару құқығы жоқ адамдармен басқару фактілер санының өсуі алаңдатушылық тудыртады. Көрсетілген кезеңде барлығы 22 факті және басқару құқығынан айырылған тұлғалармен көлік құралын басқарудың екі фактісі анықталды. Осыған орай, Полиция департаменті облыс тұрғындарын полиция қызметкерлері жүргізетін тексеріске және көлік құралдарын тоқтату іс-шараларына шыдамдылықпен қарауға шақырады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы