Қостанайда депутаттар 100 түп көшет отырғызды

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мәслихат депутаттары велошеру өткізді. Іс-шара аясында ағаш егіп, 11 балаға велосипед сыйға тартты.

Өкілетті орган өкілдері акцияны ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арнады. Облыс мәслихатының бастамасымен өткен велошеруге Қостанай және Тобыл қалаларының да депутаттары қатысты.


Велосипедтті тізгіндеген 65 депутат Қостанай қаласының орталық алаңынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауына дейін 20 шақырым жол жүріп өтті.

Бұл акцияның ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақта өтуінің өзіндік мәні бар. Себебі, азаттық бәрінен қымбат ұғым. Тәуелсіздіктің, бейбіт күннің қадірін жас ұрпақ сезінсін деген ниетпен осы акцияға бастамашы болдық. Қолдау білдірген әріптестеріме мың рақмет, – деді Қостанай облысы мәслихатының хатшысы Сайлаубек Есжанов.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақта депутаттар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға демеушілер берген велосипедтерді тарту етті. Сонымен қатар, жағалауда 100 қарағай көшетін отырғызуға қатысты.

Акциямыз аудандар мен қалаларда жалғасын тапса дейміз. Саламатты өмір салтына әрі қоршаған ортаға көңіл бөліп, депутаттар үнемі белсенді жүруі керек, - дейді Сайлаубек Есжанов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы