Қостанай облысында жұмыртқа бағасы тұрақтанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Архимед Мұхамбетов Рудный қаласындағы «ЖАС-КАНАТ 2006» ЖШС кәсіпорнына барып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты және әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын бақылауға алды.
Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын жоғары сапалы және экологиялық таза өнімдер шығаруға мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиямен жабдықталған. Өндірістік қуаты жылына 260 млн дана жұмыртқа және 500 тоннадан астам ет өндіреді. Кәсіпорын өнімдері тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде де үлкен сұранысқа ие.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды жүргізуде. Бүгінгі таңда облыста жұмыртқа бағасы тұрақтанды. Бұған өнімге С-1 шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу, яғни он жұмыртқаны 350 теңгеден сату ықпал етті, - деп атап өтті өңір басшысы.Естеріңізге сала кетейік, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорлары құрылды, тұрақтандыру қорына 13 түрлі тауар сатып алынды. Бүкіл облыс бойынша тауар интервенциялары жүргізілуде. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының қорларында 2,1 мың тонна өнім бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы