Қостанай облысында жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында 600 басқа шақталған сүт-тауар фермасы ашылды. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, фермада тәулігіне 5 мың литрге дейін сүт өндірілетін болады.
Жаңа ферма Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылында іске қосылып отыр. Кәсіпорында бір мезетте 32 сиырды сауылатын жаңа қондырғы бар. Аталған жобаны жүзеге асыруға 200 млн теңге жұмсалды. Жаңа фермада 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сауу блогы жоғары технологиялық жабдықпен және сүттің мөлшері мен сапасын анықтауға мүмкіндік беретін автоматты жүйемен жабдықталған. Бағдарламалық басқару жүйесінің көмегімен әр сиырдың сауылып болғанын да білуге болады. Мұның бәрі жоғары өнімділік пен өнім сапасын, малдың қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның кезекті ерекшелігі – табын жағдайының барлық көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлы технологиялар. Олар арнайы сенсорлардың көмегімен басқару тақтасына беріледі. Зоотехник компьютерде сиырдың өнімділігі, сүт беру жылдамдығы, тамақтану режимі және оның егілу туралы ақпаратты онлайн режимде алады. Бұл сүт өндірісін бақылауға және болашақта сүт табынының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Серіктестік басшылығы өнім көлемін 4% арттырып, жемшөп шығынын 21% және өндіріс кезіндегі шығынды 24% қысқаруы көздеп отыр. Тағы бір жоспар – қара шұбар тұқымды әр сиырдан жылына жеті тоннаға дейін сүт алу.
Автоматты сауу аппараттары, азықтандыру процесін компьютерлік бақылау сияқты жетістіктерінен бөлек, жұмысшылар үшін басқа да қолайлы жағдайлар жасалған.
Қазандық, компрессор, сауу аппараттарын автоматты жууға арналған үй-жай, дизель-электр стансасы, жуыну бөлмесі, санитариялық торап жұмыс істейді. Сауыншылардың демалатын орны да бар. Фермаға жеке су құбыры тартылған.
Серіктестік басшысы Ұзақбай Ағайдаровтың айтуынша, ферма нарыққа айына 24 млн теңгенің өнімін шығарып отыр.
Сүт-тауар фермасын салуға көп күш жұмсалды. Жақсы инженер болған жоқ, сондықтан барлығын жобалап, құрылысшыларға қалай істеу керегін өзім көрсетуге тура келді, – дейді Ұзақбай Ағайдаров.Ол сондай-ақ жақсы жем болмаса, ең жақсы деген асыл тұқымды мал да көп өнім бермейтінін айтады. Сондықтан сүт фермасында өзіне тиесілі бордақылау алаңы болуы өте маңызды.
Біз жыл сайын оған үлкен көңіл бөліп, көп жылдық шөп өсіру үшін жер телімін кеңейтеміз, – дейді Ұзақбай Садықұлы.