Қостанай облысында санитарлық бекеттер алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларында санитарлық бекеттер алынды. Бірақ көрші облыстар мен Ресей елімен шекарадағы шектеулер сақтала береді, деп жазды Хабар24.

Бас санитар дәрігердің қаулысымен аймақта карантин шаралары жеңілдеді. Бұдан былай қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы сағат кешкі 23:00-ге дейін ұзартылады. Қалалық автобустар мен такси осы уақытқа дейін қатынай алады. Фитнес, аква, термопарк, шипажайлар мен демалыс орындары 30 проценттік межемен жұмыс істейді. Дегенмен бұлардың бәрі демалыс және мереке күндері қызмет көрсете алмайды. 

Тұрғындарға кешкі сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көшеге шығуға әлі де тыйым салынған. Мұндай шектеу 14 желтоқсанға дейін сақталады.  

Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды деуге негіз бар. Қараша айының соңында коронавирус күнделікті 85-88 адамнан тіркелетін. Қазір бұл көрсеткіш 5-10 науқасқа төмендеді. Сол себепті карантин шараларын жеңілдетуге тура келді. Егер эпидахуал күрделенсе, қатаң шектеулерді қайта енгізуге мәжбүр боламыз, - деді облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы