Қостанай облысында орман өрті өршіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай ауданында «Пригородное» Онман шаруашылығы басқармасының аумағында құрғақ шөп өртенген.
Қостанай ауданында «Пригородное» Онман шаруашылығы басқармасының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қайың жанған. Өрт қауіптілігінің 5-ші төтенше класы белгіленді. Өрттің алдын ала аумағы шамамен 300 га құрады, - делінген хабарламада.Ыстық, құрғақ ауа-райы, үстінгі өрт және қатты жел тек оттың таралуына ықпал етеді және сөндіруді қиындатады.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жедел штаб құрылды. Әуе барлауы жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл тұрғындары жағажайды қоқыстан тазартты
Өзгелердің жаңалығы