Қостанай облысында егін науқаны басталды

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлағандай, биыл тұқым 4,8 млн га алқапқа себіледі, оның 3,9 млн гектарына дәнді және бұршақты дақылдар егіледі.

Егіс науқанына облыстың барлық ауданы дайын. 3-4 мамырда Әулиекөл, Жангелдин, Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарында шаруашылықтар егістікке шықты. Болжам бойынша тұқым себу жұмыстары маусымның басына қарай аяқталуы тиіс, өйткені жүгері, кейбір бұршақ дақылдары сияқты жылуды жақсы көретін өсімдіктер бар, оларды мамыр айының соңында егу керек. Сондай-ақ, көкөніс егуге кіріскендер де бар, - дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің маманы Кенже Жұмандықов. 

Осы жылы алаңдарды әртараптандыру жұмысына ден қойылды. Дәнді дақылдарды егу 120-150 мың гектарға қысқарды, ал майлы, жемшөп және бұршақ дақылдары алқаптары ұлғайды. Бұл қадам аймақта мал өсіру үшін жемшөп базасын ұлғайту және майлы дақылдарды көбірек өндіру талап етілуіне байланысты. 

Жалпылай алғанда, майлы дақылдар 651,8 мың га алқапқа, жемшөп дақылдары 277,9 мың га, картоп 3,5 мың га, көкөністер 869 га жерге егілді. 

Басқарма мамандарының айтуынша, егістіктегі науқанға бүгін-ертең кірісуге қалған өңірлер де дайын.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Алматыда ҰБТ басталды
Өзгелердің жаңалығы