Қостанай облысында бір қора мал өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт салдарынан қоралардың бірінде бір жылқы мен 12 қой тірідей өртеніп кетті. Сонымен қатар жалдамалы жұмысшы зардап шекті.

Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт туралы ақпарат сағат 14.09-да келіп түсті. Цветочная көшесінде 150 шаршы метр алаңды алып жатқан сарай лапылдап жанып жатты.

Сағат 14.17-де шақырту келіп түсе салысымен өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына барып, өртті сөндіруге кірісті.

Өрттің жеке үй аумағына, сондай-ақ жақын маңдағы үйлерге таралу қаупі болды. Шақыртуға барлығы жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік техника барды. Сарайдан бөлек, оның ішіндегі жануарлар - бір жылқы мен 12 қой өртеніп кетті. Сондай-ақ бір адам зардап шекті. Ол жалдамалы жұмысшы болып қызмет еткен. Оның беті мен қолы күйді, дегенмен ол ауруханаға жатудан бас тартты, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Сарайдың жануы басталған кезде үй иелері үйде болған, алайда ештеңе сезбеген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 15.19-да ауыздықтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы