Қостанайда 100-ден астам адам көші-қон заңнамасын бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының аумағында 15 және 16 қазанда «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция аясында Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дутпаев облыс тұрғындарын Қостанай облысы аумағындағы көші-қон жағдайымен таныстырды.

Бүгінгі таңда пандемияға байланысты сыртқы көші-қон процестері айтарлықтай азайды. Егер бұрын облысқа 30-40 мыңнан астам азамат кірсе, қазір бұл ағын 3 есе төмендеді. Алайда облыс аумағындағы ішкі көші-қон процесі жоғары деңгейде қалып отыр, – деді Қайрат Дутпаев.

Сондай-ақ Қостанай облысында “Нелегал” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – көші-қон бақылауын күшейту, заңсыз көші-қон, адам саудасы фактілерінің жолын кесу, қылмыскерлерді іздестіру. Бір апта ішінде 100-ден астам көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталып, 12 шетелдік сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы