Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлерімен бұрын сотталған 35 жастағы Қостанай ауданы Тобыл қаласының тұрғыны анықталды. Полицияның мәліметі бойынша ер кісі есірткі заттарын сатумен айналысқан.

20 ақпанда полиция қызметкерлерімен 35 жастағы ер адам гаражды кооперативтердің бірінде ұстады.

Тексеру барысында күртесінің қалталарынан есірткі заттары табылды. Шылым қорабының ішінде 38 грамм героин болды. Тәртіп сақшылар гаражды тексеру кезінде салмағы 170 граммнан астам полиэтиленді түйіншекті тапты. Сонымен қатар электронды таразы тәркіленді.

Героиннің жалпы салмағы 200 грамнан асып түсті (мыңнан астам героин дозасы).

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы бапқа сәйкес тұтқындалған он жылдан он бес жылға дейін, мүлкін тәркілеумен, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы