Қостанай облысы «Естелік саябағы» акциясына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай ауданының Пригородный орманшылығы аумағында «Киелі табиғат» экологиялық жобасы ұйымдастырылады, жоба барысында «Естелік саябағы» акциясы аясында көшеттер отырғызылды.
Бұл туралы Қостанай облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ хабарлады.
Акция жастарды экологиялық ағартуға, экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыруға, жастар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы тұрақты сенімдерді қалыптастыруға, әрбір елді мекенде экологиялық қоғамдастықтар құруға бағытталған.
«Киелі табиғат» акциясы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы