Коста-Рикада 2,5 тонна есірткі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коста-Риканың Лимон қаласында полиция 2,5 тонна есірткі тәркіледі, деп жазды «Хабар 24».
Елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрінің айтуынша, заңсыз тауар Еуропаға жеткізілуі тиіс болған. Колумбиядан шыққан есірткі Коста-Риканың Мойн портына жеткен.
Айта кетейік, өңірде қылмыстың бұл түрі қазан мен қараша айларында жиі тіркеледі. Сол себепті АҚШ, Колумбия мен Панама биліктері де өз еліндегі есірткімен күрес жұмыстарын күшейте түсті. Статистика бойынша Коста-Рикада жыл басынан бері 15 мың келіден астам кокаин тәркіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылықтар коронавирусты қай жерден жұқтырады?
Өзгелердің жаңалығы