Қосшыда «Ақмола жұлдыздары» концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қосшы қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тұңғыш рет «Ақмола жұлдыздары» концерті өтті. 

Қосшы қаласы биыл Ақмола облысының дәстүрлі «Ақмола жұлдыздары» көркем өнерпаздар байқауына алғаш рет қатысқалы отыр. Сол себепті, бұл концерт «Ақмола жұлдыздары» байқауына Қосшы қаласының атынан қатысатын өнерпазды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. 






Байқауға қаламызда барлық өнер майталмандары – қолөнер шеберлері, фольклорлық ансамбль, Кемеңгеревтер  отбасылық ансабльі, «Замандас» ардагерлер ансамбльі, қаламыздың дәстүрлі және эстрадалық әншілері және басқа да өнер иелері қатысып, әлілқазылар алқасы мен келген көрерменді тамсандырды. 


Шараны Қосшы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі және Қосшы қаласы Мәдениет үйі ұйымдастырды. Айта кетсек, Қосшы қала мәртебесін алғанына 4 ай болды, Ақмола облысының «Ақмола жұлдыздары» көркем өнерпаздар байқауына 1 айдың шамасында ғана дайындық жүргізілді. Сол қысқа аралықта қаламыздың көркемөнерпаздары мен шеберлері жоғары нәтиже көрсетіп, қаламыз өнер кеніші екенін байқатты.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы