Қосшы қаласында жаңа емхана ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қосшы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай «Жанұя» отбасылық емханасы филиалының ашылу салтанаты өтеді.

1 желтоқсанда ашылатын жаңа ғимарат заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Емханадан тұрғындар терапия, оториноларингология, гинекология, УДТ, эндоскопия және функциональдық диагностика және тағы да басқа медициналық қызмет алатын болады. Филиалда күніне 320-350 адамға дейін қызмет көрсететін 18 учаске және күніне 30-45 шақыруға қызмет көрсететін Жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеу жоспарланған, – дейді қала әкімдігі.

Сондай-ақ 1 желтоқсан күні емхананың қарашаның 1-і мен 30-ы аралығында демеушілердің көмегімен екпе алған тұрғындар арасында ойнатқан ұтыс ойынының қорытындысы өтеді. Ұтысқа түрлі сертификаттар ойнатылып, бас жүлдеге теледидар ұсынылатын болады.

«Жанұя» отбасылық денсаулық емханасы - Қосшы қаласында тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. Бұл орталыққа 29 000 қосшылық тіркелген және олар орталықтан барлық медициналық көмекті алуда. Алайда қала халқының саны артып отырғандықтан, емхананың екінші ғимаратын ашу қажеттілігі туындап отыр, – дейді әкімдік қызметкерлері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы