Көшпенділер ойынында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлдемен командалық есепте топ жарды. Ал екінші орында Қырғызстан құрамасы иелендң. Олардың еншісінде 18 алтын, 21 күміс, 25 (64) қола медаль бар. Үшінші орынды Өзбекстан құрамасы алды. Олар 11 алтын, 12 күміс, 11 (34) қола медаль иеленді.

Жалпы, көшпенділер ойнына 89 елден 2 430-ға жуық спортшы қатысты. Бүкілі 21 спорт түрінен 97 медаль сарапқа салынды. 18 мемлекет алтын жүлде жеңіп алса, 16 мемлекеттің қоржынында күміс, 28 мемлекеттің қоржынында қола медаль бар.

Спортшылар мен шетелдік қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік құралы бөлінді. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істеді. 1 300 волонтер қызмет атқарды. БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы