Көшпенділер ойыны. Жеңімпаздарға қандай сыйақы беріледі

Жамбы атудан жүлде алған спортшыларға сыйақы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан жүлделі орын алған ұлттық құрама спортшыларына Alageum Electric атынан сыйақы беріледі 

Бұл туралы Жамбы ату федерациясы хабарлады. Жамбы атудан спортшылар мажар, азия, түрік және жамбы стилінен сынға түсті.

Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша жүлде алған спортшыларға сыйақы тағайындалды: 

1-орын – BI Group-тан бір бөлмелі пәтер

2-орын – автокөлік 

3-орын – 5 миллион теңге. 

Ал жамбы атудан ұлттық құрама бас бапкеріне автокөлік сыйға тартылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы