Көшпенділер ойыны: Тоғызұмалақтан ашық жаттығу жиыны өтті

Бүгін Назарбаев университетінің спорттық алаңында тоғызқұмалақ, овари және мангаладан ел құрамасы БАҚ өкілдері үшін арнайы ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-жаттығу жиынына тоғызқұмалақ, овари және мангала спортының бас жаттықтырушылары, команда мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Ұлттық құрама мүшелері соңғы дайындықтары мен оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтты.

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан 4, овариден 4, мангаладан 4 спортшы ел намысын қорғайды. Спортшыларымызды жыл бойы іріктеуден өткізіп, ең үздіктерінен құрам жасақтадық. Қазіргі уақытта Назарбаев университетінің спорт алаңында 27 тамыздан бастап жаттығып жатырмыз. Бұл біздің қорытынды оқу-жаттығу жиынымыз 7 қыркүйекке дейін созылады. Әрі қарай көшпенділер ойындарына қатысамыз, - деді тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айнұр Жакапбаева.

Айта кетейік, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Тоғызқұмалақ, овари және мангала ойындары «Думан» қонақ үйінде өтеді деп жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы
Өзгелердің жаңалығы