Көшпенділер ойыны: Көкпаршылардың дайындығы қалай

Көшпенділер ойындары қарсаңында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада 8-13 қыркүйек күндері V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Жарысқа қатысу үшін көкпаршылар да қызу дайындыққа кіріскен. Оқу-жаттығу жиыны аясында ойындарға қатысатын жылқылар дайындалып жатыр. Барлығы 40 жылқының ішінен мықтылары іріктеліп алынады. Ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеевтің айтуынша, ұлттық құрамаға Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген командалар мықты қарсылас бола алады.

Екі айдан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді дайындалып жатырмыз. Еліміздің намысын абыроймен қорғаймыз деп үміттенеміз. Осындай маңызды спорттық жарыстың елімізде өтіп жатқаны бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бірінші оқу-жаттығу жиынында өзіміздің күш-қайратымызға баса мән берсек, енді жылқыларды дайындап жатырмыз,- деді көкпардан Ұлттық құрама мүшесі Әділет Мамыт.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық көкпар федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастық құрамында Бәйге, Жамбы ату, Аударыспақ, Садақ ату, Құсбегілік, Асық ату, Теңге ілу, JORYQ және т.б. федерациялар бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы
Өзгелердің жаңалығы