12 Қыркүйек 2024 2024, 13:06

Көшпенділер ойыны: Көкпардан Қазақстан жеңімпаз!

Көшпенділер ойындарындағы ең тартысты бәсеке көкпаршылар арасында, өтті деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көшпенділер ойындарындағы ең тартысты бәсеке көкпаршылар арасында, өтті деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Финалдық бәсекеде кездескен екі құраманың ойынын көруге келген жанкүйер көп болды. Бірінші кезеңде 1:3 есебі тіркеліп, қырғыз құрамасы алға шықты. 10 минуттық үзілістен кейін екінші кезең басталды. 

Үзілістен кейін Қазақстан құрамасы есепті 3:3 теңестірді. Ойынның 7-минутында қазақ көкпаршылары алға шықты. Алайда соңғы уақытта қырғыз құрамасы есепті теңестіріп үлгеріп есеп 4:4 болды. Қазақстан құрамасы қосымша уақытта жеңісті жұлып алды. Осылайша ойын 5:4 есебімен аяқталды.