Көшпенділер ойыны: Этноауылда 100-ден аса шара өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ДКО дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көшпенділер ойындарына спорттық жарыстарға қатысуға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелген.

Этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара өтеді және мәдени бағытта барлығы 5600 қатысушы бар. Оның ішінде этникалық мәдени топ өкілдері мен әнші-бишілер, эстрада жұлдыздары кіреді. Этноауыл ресми түрде 7 қыркүйектен жұмысын бастайды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы 1355 номері арқылы колл-центрден үздіксіз ақпарат алып отыруға болады, - дейді Абылай Қондыбаев.

Көшпенділер ойындарына қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақ үй мен 331 көлік құралы жұмылдырылған. Қатысушылар үшін қонақ үйлерден спорттық нысандарға арнайы шатл басстар ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы