Көшпенділер ойыны: Еріктілер 16 бағыт бойынша жұмыс істейді

Елордада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1300 ерікті жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар меймандарды күтіп алу, елорданы таныстыру, аудармашы, БАҚ өкілдерімен жұмыс секілді 16 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Бүгін координатор- волонтер, тимлидер-волонтерларын тәжірибелі спикерлердің оқыту семинарының соңғы қорытынды кезеңі өткізілді. Семинар сабақта Ойындар кезіндегі қауіпсіздік, шетелдік спортшылармен, арнайы өкілдермен байланыс, командалық жұмыстар тақырыбы қамтылды.

Волонтерларды ойындар өтетін нысандармен таныстыру негізінде оқу-жаттығу жиындарын жүргізіп жатырмыз. Барлығы 1300 ерікті тартылады. Қалалық әкімдік тарапынан тағы 300 ерікті қосылады. Олар қалалық аймақтарда жұмыс істейді. Еріктілерді іріктеу қаңтар айынан бастап жүзеге асты. Жалпы 5000-ға жуық өтінім келіп түсті. Солардың ішінен іріктеліп 1300 ерікті таңдалды. Олар 1-кезең оқытудан өтті. Қазір 2-кезең басталды. Еліміздегі еріктілерден бөлек әлемнің 18 елінен еріктілерден өтінім келіп түсті. Солардың арасынан үздік 8 елден 22 ерікті таңдалып алынды. Еріктілер 16 жастан бастап қабылданады. Бірнеше шетел тілін білу, тәжірибесі болуы керек. Талаптар қиын болған жоқ. Қызығушылық білдіргендер көп. Еріктілер 16 бағыт бойынша жұмыс істейді, -деді Бақдәулет Жанділдаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы волонтерлар бөлімінің жетекшісі. 


Ойынға еріктілерді тарту мақсатында барлығы 12 мыңнан астам студентті қамтитын 95 кездесу өткізілген.

Мен БАҚ бағыты бойынша координатормын. Іріктеу колледжден басталды. Сол жерде анкета толтырдым. Одан кейін сұхбаттасу болды. Содан өткен соң хабарласып оқу кезеңі басталатынын хабарлады. Менің жұмысым қазір журналистерді тіркеуден басталып жатыр. Еліміздің ғана емес шетелдік журналистерді тіркедік. Жақында волонтерлар Президентпен кездесті. Киімдеріміз де толықтай дайын,-деді волонтер Сабира Нұрбекова.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Астана қаласында 8-13 қыркүйек күндері өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы