Көшпенділер ойындарының арқасында бізді спорттық қажеттіліктермен қамтамасыз етті – садақшы

Бұл туралы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Айкөркем Батихан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасы 19-дағы спортшы дәстүрлі садақ атумен 2 жыл айналысатынын және Көшпенділер ойындарында алған жүлдесі әзірге оның ең үлкен жетістігі екенін жеткізді.

Биыл қатысқан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары ең алғашқы үлкен додам болды. Садақ атудан 33 мемлекеттен 200-ге тарта садақшы қатысты. Солардың арасынан суырылып шығып, жекелей сында 3-орын, ал командалық жарыстан 2-орын алған болатынбыз, – деді спортшы.

Айкөркем 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде ҚР Президенті атынан алғыс хат алғанына риза екенін айтты. Сондай-ақ, Көшпенділер ойындарының арқасында ұлттық спортқа көп көңіл бөлінгенін атады.

Қазіргі кезде осы Көшпенділер ойындарының арқасында ұлттық спортқа, оның ішінде дәстүрлі садақ атуға көп көңіл бөлінді деп айта аламын. Себебі осы көшпенділер ойындарының арқасында алғаш рет оқу-жаттығуы өтті және бізді әртүрлі спорттық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Мысалы, садақпен, оқпен, ұлттық киіммен, етікпен. Бұның барлығы ұлттық спортқа бөлініп жатқан көңілдің, қолдаудың арқасы деп білемін, – деді садақшы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы