Көшпенділер ойындарына қатысуға 1200-ге жуық БАҚ өкілі өтінім берген

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына шетелдік БАҚ-тан 370 өтінім берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ай ойындарды насихаттауға CNN, BBC, Euronews, CCTV, Rai, CBC TV, Balkan Trip TV, TRT Türk телеарналары, National Geographic, Agence-France Presse (Канада), Lonely Planet, Nikkei Asia және басқа да ірі басылымдардың өкілдері бар.

БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1185 өтінім келіп түсті. Атап айтқанда, Қазақстандық БАҚ-тан 815 өтінім, шетелдік БАҚ-тан 370 өтінім келді. Оның ішінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жан-жақты насихаттау мақсатында 92 журналист және танымал блогерлер тіркелген,-деді ДКО дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі кезінде 8 қыркүйек күні сағат 16:00-ден бастап «Қазмедиа орталығы» орталық баспасөз орталығы жұмыс істейді. 

Әлемдік стандардтарға сай ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатыспайды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы