Көшпенділер, Астана және жылқы еті: Әйгілі голливуд актері Қазақстан туралы қандай ойда?

Comic Con Astana фестивалінің хедлайнерлері әйгілі Голливуд актері Мадс Миккельсен қазақстандық журналистермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Актер БАҚ өкілдерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ол Астанаға бірінші рет келіп тұрғанын және қаланың қатты ұнағанын айтады.

Астанада экскурсия жасадым. Келгелі бері қазақтың еті мен жылқы етінің дәмін татттым. Маған қатты ұнады. Бұл ел маған ұнады. Себебі өз халқын мақтан тұтады. Сондықтан қонақжай келеді, - деді Миккельсен.

Актердің сөзінше, ол кез келген бастамаға дайын. 

Мадс Миккель/©Олжас Адай

Мен жаңа режиссерлермен жұмыс істегім келеді. Маған алдағы уақытта ұсыныс түседі деп ойлаймын. Себебі жасым біразға келді. Олар тездетеді деп үміттенемін, - деп күледі актер.

Егер Микельсен режиссер болса, Атилла туралы фильм түсіруге ниетті. Бірақ ол Атилланың нақты қай аймақтан екенін білмейтінін жеткізді. Ол Айсұлтан Сеитовпен танысқанын, «Қаш» фильмінің трейлерін көргенін айтты. Актердің сөзінше, режиссер оны туындысына түсуге шақырған. Өз кезегінде, даниялық актер Айсұлтанның талантына таң қалды.  

Мадс Миккельсон журналистің «Қазақстанға тағы келесіз бе?» деген сұрағына да жауап берді.

Әрине, егер мүмкіндік болса қайтып оралғым келеді. Қыркүйек айында өтетін Көшпенділер ойыны қызық болып тұр. Өйткені мен әуежайдан шыққанда үлкен хабарландыру көрдім. Онда қолында қыраны бар атты көшпендіні көз шалды. Менің бірінші рет ойнаған америкалық фильмімде көшпендінің рөлін сомдадым. Нақтырақ айтсақ, «Король Артур» киносы. Сол себепті мен Көшпенділер ойынын қарап қана қоймай, қатысушысы болғым келеді, - дейді даниялық актер.

Мадс Миккель/©Олжас Адай

Сондай-ақ Миккельсен журналистерге өрмекші адамның рөлін ойнағысы келетінін жасырмады.

Марвел әлемі қатты ұнайды. «Доктор Стрэндж» толыққанды керемет жоба болды. Иә, студияның тағы да басқа фильдерінде ойнағым келеді. Марвел тез дамып жатыр. Нақты білмеймін, бәлкім «Өрмекші адамның» ескі версиясын ойнайтын шығармын, - деді ол.

Микельсен зұлым мен аса зұлым кейіпкердің айырмашылығын айтты.

Бәрі сценарийге байланысты. Актерді жалпы режиссер көреді. Оны бәрі жеккөрмеуі керек, бірақ кейде адамгершілігі көрінуге тиіс, - деп қысқа қайырды дат актері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мадс Миккель/©Олжас Адай
Өзгелердің жаңалығы