Көші-қон мен демографияны дамытуға жаңа бағдарлама дайындалады
Қазақстанда 2030 жылға дейін көші-қон және демографиялық саясатты дамыту бойынша жаңа бағдарламалық құжат әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжаттың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде халықаралық және еңбек көші-қонын басқару үшін Қазақстанда Еңбек көші-қоны бойынша бірыңғай цифрлық платформаны жүзеге асыру ұсынылып отыр. Білікті кадрларға басымдық бере отырып, еңбек мигранттарын іріктеудің, есепке алудың және интеграциялаудың электрондық тетіктерін енгізу жоспарланған, - деді министр.
Сондай-ақ құжатта заңсыз жұмыспен қамтуды, көлеңкелі экономиканы және жалған келісімшарттарды бақылауды күшейту көзделеді. Сондай-ақ еңбек жағдайларының мониторингі және шетелдік жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, тапшы салалар үшін квоталарды қайта қарау, сондай-ақ ұйымдастырылған көші-қон арналарын кеңейту жоспарланған.
Ішкі еңбек ұтқырлығын ынталандыру үшін кешенді тәсілді қолдану ұсынылады: алдымен инфрақұрылымды құру, содан кейін көшу. Сондай-ақ жұмыспен қамту жүйесі арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмыс күшін тарту үшін жаңа мотивациялық тетіктерді енгізілмек, - деді Светлана Жақыпова.