Көшербаев: Шығыстың құрылыс нарығында адамды алдайтын фирмалар болмауы керек

ШҚО әкімі жауапсыз құрылыс фирмалары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев құзыретті мекемелерге жауапсыз құрылыс компанияларына назар аударуды тапсырды.

Облыстық мәслихаттың сессиясында өңір басшысы биыл 353,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты.

Бірақ халыққа қандай компаниялар үлескерлердің ақшасын тарта алатынын түсіндіру қажет. Шығыстың құрылыс нарығында құрылысқа рұқсаты жоқ бола тұра, азаматтарды алдап, олармен брондау шарттарын жасасатын фирмалар болмауы керек, - деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы