Көшербаев Артемьев шахтасында зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Артемьев шахтасында қаза тапқандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет жанынан заңға сәйкес көмектің бәрін береміз. Кеше KAZ Minerals басшыларымен сөйлестім. Жалпы, әр нәрсенің өз қиындықтары мен сұраныстары бар. Соның бәрін жинақтап, біраз уақыттың ішінде шешім қабылдаймыз. Мен кінәлі не кінәсіз екеніне қарамай көмектесу керегін айттым, – деді ШҚО әкімі Үкімет кулуарында.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында 31 тамызда сағат 17.30-да оқыс оқиға салдарынан "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам қайтыс болды. Полиция шахтадағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы