Бүгiн 2026, 18:20 Фото: видеодан алынған кадр

Көшелерді су басып жатыр: Әкімдік БҚО ауылындағы жағдайды түсіндірді

Әлеуметтік желіде таралған видеода көшелерде еріген қар суының жиналуы көрсетілген.

Instagram әлеуметтік желісіндегі @glazaminaroda_kz парақшасында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округіне қарасты Жайық ауылының көшелерін су басып жатқаны жайлы видео тарады. BAQ.KZ редакциясы облыс әкімдігіне хабарласып, ауылдың қазіргі жағдайы жайлы білді.

Видеода байқағанымыздай, ауыл көшелерін су басып жатыр.

БҚО әкімдігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, әлеуметтік желіде бүгін жарияланған бейнематериалда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округіне қарасты Жайық ауылындағы Жақсығұлов және Қазақстан көшелерінде еріген қар суының жиналуы көрсетілген.

Бейнежазба шамамен 2026 жылғы 17 наурызда түсірілген. Сол күні «ЖайықТехСервис» МКК арнайы техниканың көмегімен қолданыстағы су бұру арналары тазартылды. Тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ, - деп мәлімдеді әкімдік редакциямызға.

Еске салсақ, Қазақстанда су тасқынына байланысты 30 елді мекенге қауіп төніп тұр.