Көшеге себепсіз шыққандар 26 мың теңге айыппұл төлейді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін түнгі 00:00-ден бастап, үйден шығуға шектеу қойылады. Көшеге себепсіз шыққандар айыппұл төлейді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлімдеді.
Қоғамдық көлік жұмысы бойынша әкімдіктер шаралар жиынтығын пысықтап жатыр. Жағдайға байланысты қоғамдық көлікке жүктеме болып, қозғалысы шектелуі мүмкін. Азаматтар үй жануарларын үйдің жанында серуендете алады. Егер басқа мақсатта шыққан болса, ескерту беріледі, одан кейін тыңдамаса 26500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Тіпті, 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген, - дейді министр.
Айта кетейік, коронавирус індеті бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дезинфекциялық препараттар адам денсаулығына зиян ба?
Өзгелердің жаңалығы