Көшеден әмиян тауып алған зейнеткер әйелдің басы дауға қалып, қамауға алынды
Көшеден әмиян тауып алып, полицияға тапсырмаған 71 жастағы әйел қамауға алынды.
Жапонияда көшеден бөтен адамның әмиянын тауып алған зейнеткер әйел қамауға алынды. Бұл туралы Japan Today хабарлады.
Оқиға Мисаса кентінде болған. Полицияның мәліметінше, 71 жастағы әйел 26 сәуір күні таңертең көшеден әмиян тауып алған. Ол әмиян 60 жастағы ер адамның қалтасынан түсіп қалған.
Әмиянның ішінде 37 мың иен (шамамен 90 мың теңге) болған.
Зейнеткер әйел табылған затты өзінде қалдырып, оны полицияға тапсырмаған және иесін іздеуге әрекет жасамаған.
Кейін бұл жағдай туралы полицияға куәгер хабар берген. Ол әйелдің көшеден бөтен затты алып кеткенін көргенін айтқан.
Құқық қорғау органдары бейнебақылау камералары арқылы зейнеткерді анықтап, оны ұстаған.
Әйелге қандай жаза қолданылатыны әзірге нақтыланбады.
Еске сала кетейік, қоқыстан елтаңба тауып, үйіне ілген ер адам жауапқа тартылды. Оның себебі неде екенін мына жерден оқи аласыздар.
Тағы оқи отырыңыздар: Krisha.kz арқылы пәтер "жалға беріп", ақша жинаған алаяқ әйел 3,5 жылға сотталды
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47
- «Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 16:11