Көшедегі ит адам мәйітін табуға көмектесті

Таиландта қыз баланың мәйіті салынған қап табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Thaiger-ге сілтеме жасап.

27 ақпанда Мае-Сот округінің тұрғындары бір иттің сүйек тістеп жүргенін байқайды. Жақынырақ қарағанда, сүйектің жануарға емес, адамға тиесілі екенін байқайды. Жергілікті халық іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, көп ұзамай шөп арасында жасыл түсті пластик қапқа салынған адамның сүйектерін табады.

Фото: ThaiRath

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қаптағы сүйектерді сот-медициналық сараптамаға жіберді. Алдын ала зерттеу нәтижесі мәйіттің шөп арасында шамамен бір ай бойы жатқанын және 12-13 жас шамасындағы қызға тиесілі екенін көрсетті.

 

Фото: MGR Online

Марқұм қыздың үстінде қара спорттық шалбар мен мектеп формасы болған, ал мектеп мәйіт табылған жерден төрт шақырым қашықтықта орналасқан.

Фото: MGR Online

Полиция мектеп директоры мен мұғалімдермен байланысып, форма екі жыл бұрын оқушыларға берілгенін анықтады. Қазіргі таңда полиция қыздың жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптаманың толық нәтижесін күтіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы