Көшеде түкіргеніңіз үшін қанша айыппұл арқалайсыз?
Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады, деп жазады BAQ.KZ.
ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес көшеде түкіру қоқысты қоғамдық орында қалдыру сияқты көпшілік пайдаланатын орындарды ластау болып есептеледі. Бұл үшін арнайы айыппұлдар да қарастырылған.
Түкіргені үшін 5 АЕК (15,9 мың теңге) төлеуге тура келеді. Қайта жасалған теріс қылық үшін 10 АЕК (31,8 мың теңге) төлеу керек болады. Сізден тек айыппұл төлемеу үшін ғана заңнаманы сақтауды емес, айналаңызға құрметпен қарауды сұраймыз!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы