Көшеде киімсіз серуендеген қызылордалық жазаланды

Қызылорда қаласында көшеде киімсіз серуендеген адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында көшеде киімсіз жүрген ер адамға қатысты іс қаралды.

Белгілі болғандай, ол қоғамдық орында киімсіз жүріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. 

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін және алдағы уақытта мүндай әрекет қайталанбайтынын жеткізді.

Ер адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп жазылған сот хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жұмыстан шығарылған үш мұғалім директордан өтемақы өндіріп, қызметтеріне қайта оралғанын жаздық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы