Көшеде 17 жастағы жасөспірім оқ атып, үш адамды жаралады
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 17 жастағы жасөспірім Таймс-сквер алаңында қарудан оқ атып, үш адамды жаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция дерегінше, оқиға 9 тамызға қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:20 шамасында 44-ші көше мен 7-ші көше қиылысында болған. Көпшілік жиналған орында екі адамның арасындағы жанжал қарулы қақтығысқа ұласқан.
Салдарынан 18 жастағы қыз және жасы 19 бен 65-тегі екі ер адам жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалауда, - деп жазды New York Post.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы