Көш соңында қалдық. Үздік елдер рейтингі жарияланды

Үздік елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 84-орындаСонымен қатар, қазақстандықтардың өз өміріне қанағаттану деңгейі айтарлықтай жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

U.S. News нұсқасы бойынша, 2023 жылғы үздік елдердің рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 84-орынға тұрақтады. Бір жыл бұрын ел 85 елдің ішінде 82-орында болды. Сарапшылар елдерді саяхат (Қазақстан 86-шы орында), мәдени ықпал (85), кәсіпкерлік (80), мұра (83), бизнеске ашықтық (80), өмір сапасы (81) және басқа да критерийлер бойынша бағалады.

Finprom.kz-тің мәліметінше, рейтингте Швейцария, Канада және Швеция көш бастап тұр. Соңғы орынды Иран алды.

Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Беларусьті ғана басып озды. Рейтингке сондай-ақ Ресей (37-орын), Украина* (68-орын), Әзірбайжан (77-орын) және Өзбекстан (83-орын) кірді.

Өз кезегінде, 2023 жылы қазақстандықтар өз өмірі мен денсаулығына қанағаттанушылық туралы пікірлерімен бөлісті. Респонденттердің 41,8%-ы өз өмірлеріне толық қанағаттанған — бір жыл бұрынғымен шамалас. Респонденттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануы 51,8%, денсаулығына қанағаттануы 47,6% құрады.

Қазақстандықтардың 57,7%-ы өз өміріне, 47,4%-ы тұрмыс жағдайына, 49,3%-ы денсаулығына ішінара қанағаттанған.

Қазақстандықтардың 0,4%-ы өз өміріне, 0,6%-ы тұрмыс жағдайына, 3%-ы денсаулығына толық көңілі толмайтынын білдірді.

Қаржылық-экономикалық жағдайға келетін болсақ, респонденттердің 34%-ы материалдық жағдайына, 36,5%-ы отбасының экономикалық жағдайына толықтай қанағаттанған.

Қазақстандықтардың 63,2%-ы қаржылық жағдайына, ал 61,6%-ы отбасының экономикалық жағдайына ішінара қанағаттанғанын білдірді.

Қазақстандықтардың 0,4%-ы өз жағдайына, 0,5%-ы отбасының экономикалық жағдайына көңілі толмайтынын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы