Косарев 100 жаста болса да депутаттық сайлауға қатыса алады – ҚКХП
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістегі ең егде депутат Владислав Косарев тағы да сайлауға түсуі мүмкін.
Бұл туралы Қазақстан коммунистік халықтық партиясы орталық комитетінің хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков айтты.
Егер партия мүшелері біздің мүдделерімізді қорғайды десе, Косарев мырза сайлауға қатысады. Бізде жас шектеулігі жоқ. 100-ден асып кеткен адам да ел мүддесін қорғаймын деп тұрса, сайлауға түсе алады. Сондықтан Владислав Косаревтің 90 немесе 100 жаста болуы мәселе емес, - деді Жамбыл Ахметбеков.
Владислав Косарев - 1937 жылы 16 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген, 82 жаста. Мәжілістегі ең егде депутат. Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің құрметті хатшысы. Ол Парламентте ең алғаш 1990-2004 жылдары, одан кейін 2012 жылдан бері депутат болып жүр.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада қарашада ұлттық спорт түрлері орталығы ашылады
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы