Қос сақшы қазасы: Жол апатына кінәлі жүргізуші мас болған - полицейлер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинскідегі өлімге әкеп соққан апатқа қатысты мәліметтер пайда болды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер сараптама қорытындысына сәйкес, Lexus жүргізушісі орташа дәрежеде мас болғанын айтты.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 346-бабының 6-бөлігіне қайта сараланды.

Lexus-те екі жолаушы болған. Олар да мас болған, қазір ауруханада жатыр.

Еске салайық, жол апаты 15 қазанда қаладағы Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, Lexus NX20 көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada-21214 көлігіне соғылған.

Бұған дейін жол апатынан полицейлер қаза тапқанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ Ішкі істер министрі қызметтік борышын өтеу кезінде мерт болған сақшылардың отбасыларына көңіл айтқанын жаздық.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы