2018 жылы «Көршілер бақылауы» бойынша 11000-нан астам қоңырау қабылданды
Талдықорған, BAQ.KZ. 2014 жылдан Алматы облысы Полиция департаментінің «Көршілер бақылауы» алдын-алу бағдарламасы өз нәтижесін көрсетуде.
«Аталған бағдарламаны жүзеге асыру құқық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және құқықбұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын дамытуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті облыстық полицея өкілдері.
Жоба аясында өңірдегі барлық қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде арнайы телефондар орнатылып, келісім-шарт негізінде операторлар жұмыс жасайды. Тәртіп сақшыларының жедел қызметі үшін автокөліктер сатып алынды.
«Былтыр «Көршілер бақылауы» бағдарламасының телефондарына 11 мыңнан астам (11388) хабарлама келіп түскен. Қабылданған қоңыраулар негізінде 6 мыңнан астам (6069) тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Мұрат Ұрұмханов.