Көрші елдерге экспорттауға тиімді тауарлар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарға жақын шетелде сұранысқа ие тауарлар туралы мәлімет беретін талдамалы анықтама әзірледі.

«Ресейге 245 млн АҚШ долларына 80 тауарлық позицияны экспортқа шығара аламыз. Оның ішінде металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі және дайын азық-түлік тауарлары, уран және т.б тартымды болып отыр. Қытайға 1,6 млрд АҚШ долларына 60 жуық тауарлық позицияны экспорттауға болады: жартылай фабрикаттар, феррохром, уран, бидай және конидетрлік өнімдер. Қытайға бұрын тасымалданбаған 30 әртүрлі тауарды жеткізе аламыз. Қырғызстанға 53 млн АҚШ долларына тағам, дәрілік заттар, металлургия, аккумулятор секілді 70 тауар позициясын , Түркіместанға 123 млн АҚШ долларына 40 тауарлық позициян жеткізуге болады. Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық серіктесіміз Өзбекстанға 210 млн АҚШ долларына минерлардар, өнеркәсіп өнімдері секілді 70 тауар позициясын тасымалдауға болады», - деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол Өзбекстанмен серіктестік аясында Орталық Азия сауда экономикалық серіктестік халықаралық орталығы жобасын жүзеге асырылатынын айтты.

«Бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп келеді. Бірнеше раундтық келіссөздер жүргіздік. Орталық орналасуы мүмкін 5 локацияны таңдадық. Халықаралық орталық Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасындағы көтерме және бөлшек сауда бойынша жаңа формат енгізуді, халықаралық туризмді дамыту, логистикалық қызметтерді жақсарту, жалпы шекара маңындағы кооперацияны, бизнес пен көрме қызметін реттеу көздейді. Жобаны жүзеге асыру кезеңінде инвестицияға 10 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Пайдалануға берілген кезде 40 мың жұмыс орны ашылады», - деді Төребаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы