Атыраулықтар «Азаматтарға арналған үкіметтің» тиімділігін көруде

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Құрылғалы 3 жыл ішінде облыс бойынша 4 миллионға жуық қызмет көрсетіліп, 3 миллион адамға құжаттар электрондық түрде берілген. Ал, электрондық цифрлық қолтаңбаны 500 мыңнан астам адам алған.

Елбасы жариялаған Бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің атыраулықтар тиімділігін көруде. 

Осыған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 24 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

«Соңғы уақытта бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Басқаша айтқанда, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы филиалы директорының халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша орынбасары Тұрлан Амангелдіұлы.

Жергілікті деңгейде халыққа қызмет көрсету орталығы, әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті енгізілген мемлекеттік корпорация өкілдері өз салалары бойынша өзге де ақпараттармен бөлісті. Мысалы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті тұрғындарға 90 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіпті. Ал, филиал директорының әлеуметтік төлемдер бойынша орынбасары Гүлмира Исқалиеваның айтуынша, атыраулықтарға қазір зейнетақы мен жәрдемақы бойынша 42 түрлі төлем жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен ай сайын қыруар қаржы бөлініп отыр.

«Ай сайын Республикалық бюджет есебінен 7 млд 463 млн теңге көлемінде сұраныс беріліп зейнетақы және жәрдемақы алушыларға уақытылы төлемдер жүргізіліп отыр. Бұл сұраныс төлемі 2018 жылға қарағанда 529 млн теңгеге көбейіп отыр 2018 жылғы ай сайынғы сұраныс сомасы 6 934 418 698 тенгені құрады. Әр ай сайын төлемдер сол айдың басынан бастап төлем кестесіне сәйкес кезең кезеңімен жүргізіледі. Кезең 1-15 кезеңнен тұрады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Атырау филиалы директорының әлеуметтік төлемдер бойынша орынбасары Гүлмира Исқалиева.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы