Корпорация сатып алынатын дақылдар тізімін ұлғайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Қарауылов айтты.
Өздеріңіз білетіндей, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» өндірушілерді көктемгі егіс науқанында ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу арқылы қаржыландырады. Биылғы қаржыландыруға 40 млрд теңге жоспарланған. 770 мың тоннаға жуық өнім сатып алынады деп күтілуде. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қаржыландыру 63 пайызға артты. Мәселен өткен жылы форвардық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінген, - деді ол.
Ол сонымен қатар сатып алынатын дақылдар тізімі де кеңейтілгенін атап өтті. Олардың қатарында қатты бидай, жұмсақ бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық, арпа, зығыр, сұлы, соя сияқты тоғыз дақыл бар.
Бүгінгі күнге дейін корпорацияға 39 млрд теңгенің 300 өтініші келіп түсті. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге 37,7 млрд теңгесі аударылды. Форвардық сатып алу тоғыз облыста жүзеге асырылуда. Олар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары. Сатып алынған дақыл ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар өнім өндіру үшін жіберіледі, - деді ол.Бұған дейін хабарлағанымыздай, егіс науқанына арналған дизель бағасы нарықтағыдан арзан екені айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймағамбетов балабақшамен қамтуға байланысты тапсырма берді
Келесі жаңалық
Сенат алдағы отырыстың күн тәртібін бекітті
Өзгелердің жаңалығы