Коронавирусқа қатысты ғылыми сайт іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Юнус Эмре институты Түркия Республикасы президенттік әкімшілігінің қамқорлығымен "Covid-19 Hub" атты платформа ашты.

Юнус Эмре институты Түркия Республикасы президенттік әкімшілігінің қамқорлығымен Түркияның академиялық және ғылыми ынтымақтастық жобасы аясында COVID19-ға тойтарыс беру үшін жұмылып жатқан барша тараптарды ең соңғы ғылыми жұмыстар мен теxнологиялық жаңалықтарды сенімді қайнаркөзбен қамтамасыз ету мақсатымен "Covid-19 Hub" атты платформа ашты.

Қолданушылар covid19.tabipacademy.com атты сайтта ондаған категория бойынша жүздеген мақала мен сараптаманы ақысыз түрде пайдалана алады.
Юнус Эмре институты коронавирусқа қарсы жүргізіліп жатқан ғылыми және теxнологиялық күреске осы ауқымды платформаны қолдана отырып, өз үлесін қосуды көздейді. Ең соңғы жаңалықтарды, мәліметтер мен нәтижелерді сенімді қайнаркөздерден жинақтап, оларды жүз мыңдаған науқастың өмірін құтқару, вирустың таралуын тоқтату үшін уақытпен жарысып жатқан ғалымдар, дәрігерлер, медициналық жабдықтарды өндірушілер мен барлық әріптестерге ұсынады. Бұл коронавирусқа қарсы жүргізілетін ғылыми және теxнологиялық күресті жеделдетеді. Біз уақыт жоғалтпай, осы қысылтаяң кезеңде алдымен Түркияның ауруға қатысты ең үздік нәтижелері мен сондай-ақ, Юнус Эмре институтының әлемдегі желілерін қолдана отырып Жапония, Оңтүстік Корея, Германия мен АҚШ-қа дейінгі барлық елдердегі үздік тәжірибелерді адамзаттың игілігіне жаратуды көздейміз, – делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы