Коронавирус кезінде жүкті әйелдер қайда босанады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты жүкті әйелдер үйде босанады деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Жүкті әйелдер үйде босанады деген ақпарат өтірік. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы медициналық ұйымдар күнделікті жұмысын істеп жатыр. Кардиохирургия және нейрохирургия орталықтары және барлық перзентхана жұмыс істеп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ. Көмек қажет болса, жедел жәрдем қызметі арқылы немесе перзентханаларға барып, медициналық көмекті алуға мүмкіндік бар, - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, коронавирус аяғы ауыр әйелдерге жұға ма деген сауалға да жауап берді.
Әзірге елімізде мұндай жағдай тіркелген жоқ. Аяғы ауыр әйелдерге коронавирусқа қатысты нақты ұсынымдар жоқ. Әрине, Covid-19 жұқтырып алған балалар бар. Өкінішке қарай, вирустық инфекция балаларды айналып өтпейді екен. Жалпы, біз кез келген санаттағы науқастарға көмектесуге дайынбыз, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы