Алматыда бірнеше коронавирустық зертхана істен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жаңадан ашылған модульдік орталықтағы коронавирустық аппараттың істемей тұрғаны анықталды.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.
Біздің бірқатар зертханамыз әртүрлі себептермен уақытша тоқтап қалды. Олардың жұмысы осы аптада қайта басталады. Болат Өтемұратов қоры қалаға сыйға тартқан жылжымалы зертхана пайдалануға берілмек, - деді Камалжан Надыров.
Оның айтуынша, зертханалардың істен шығуы қоғамда белгілі бір резонанс тудырған.
Емделушілерде оң сынақ нәтижесі болмағанына қарамастан, коронавирустың клиникалық көрінісі байқалған кезде тест нәтижесін күтпей-ақ емдеуді бастаймыз. Бұл бізге емдеу процесін бақылауға және күрделі асқынуларға жол бермеуге көмектеседі, - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Камалжан Надыровтың айтуынша, мұндай кемшіліктерді жою үшін қазіргі уақытта қуаттылықты арттыру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, жеке жеткізушілерді тарту арқылы жаңа зертханаларды ашу қарастырылған.
Бұған дейін алматылықтар зертханалар алдында коронавирусқа талдау жасау үшін үлкен кезекке шағымданған болатын. Куәгерлердің айтуынша, келушілер саны жүз адамнан асқан.
Ол, сонымен қатар, дәрігердің нұсқауынсыз КТ аппаратына түсуге болмайтынын айтты.
Компьютерлік томография – ол да сәулелі терапияға жатады. Сондықтан, оған қажеттіліксіз түсе беруге болмайды. Міндетті түрде дәрігерлердің ұсынысы керек, - дейді Камалжан Надыров.Айта кетейік, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қалада ауыр індеттен қайтыс болғандар саны 20-ға жеткенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жемқорлық туралы хабарлаған азамат тағдырына алаңдайды
Өзгелердің жаңалығы