Коронавирустық пнемониядан 1 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 24 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31760, 346 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26805 жетті.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 24 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат та таратылды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, - делінген таратылған ақпаратта.

Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы