Коронавирустың жаңа түрі тағы үш елде табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын Ұлыбританияда табылған коронавирустың жаңа штаммы енді Нидерланды, Дания және Австралияда тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хабарлады, деп жазады ВВС.
Сарапшылар коронавирустың жаңа түрі бұрыннан белгілі түріне қарағанда тезірек таралатынын ескертті, дегенмен бұл аса қауіпті деген сөз емес. Сонымен қатар вирус мутациясы вакцинаға басқаша әсер ететіндігі туралы ешқандай дәлел жоқ.
Нидерланды үкіметі жаңа штамның таралу ықтималдығын айқындау үшін таяу күндері Еуроодаққа мүше басқа елдермен жұмыс істей бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын 1 қаңтарға дейін жауып тастады.
Желтоқсан айының басында ДДСҰ Ұлыбританияда табылған SARS-CoV-2 коронавирусы жаңа мутациясының қауіптілігін анықтаған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл мутация жұқпалырақ, бірақ тұтастай алғанда аурудың қауіптілік деңгейіне әсер етпейді.
14 желтоқсанда Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Мэттью Ханкок елде SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штаммы табылғанын және вирустың бұрынғы түріне қарағанда тезірек таралатынын хабарлады. Оның айтуынша, вирус адамнан адамға оңай өтеді, сондықтан неғұрлым жұқпалы келеді.Желтоқсан айының басында ДДСҰ Ұлыбританияда табылған SARS-CoV-2 коронавирусы жаңа мутациясының қауіптілігін анықтаған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл мутация жұқпалырақ, бірақ тұтастай алғанда аурудың қауіптілік деңгейіне әсер етпейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылдық азамат есірткі сатты деген күдікпен ұсталды
Өзгелердің жаңалығы