Коронавирустың жаңа штамдары қалай анықталып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының м.а. Манар Смағұл айтты.
Коронавирустың жаңа штамдарын анықтау Қазақстанда ПТР-скрининг арқылы жүргізіледі. ДДСҰ-ның қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына ПТР-скрининг тест жүйелері жеткізілген. COVID-19-бен сырқаттанған адамдардан алынған оң нәтижелі үлгілер біздің зертханаға жеткізіледі де ПТР-скрининг жасалады. Ол ПТР-скрининг мутациясы бар штамның мүмкіндігін көрсетеді. Бұл зерттеудің екінші кезеңі саналады, - деді ол.
Спикердің айтуынша, эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде науқастанған адамдардың барлығына мұндай зерттеу жүргізу мақсаты қойылмаған.
Біздің негізгі көздегеніміз - коронавирустың жаңа штамдары Қазақстанда анықталған ба, жоқ па, соны анықтауға күш саламыз. Мысалы қазір мұндай штамдар Алматыда анықталғаны белгілі, демек, оның өзге өңірлерге таралу қаупі жоғары. Тиісінше біз жергілікті денсаулық сақтау орталықтарына дайындық шараларына қатысты нұсқау береміз. Себебі мутациялық штамның адамнан адамға жұғуы жылдам және сырқаттанушылық ауыр түрде өтеді, - деді ол.Бұған дейін Манар Смағұл «Британиялық штамда» өлім-жітім қаупі жоғары екенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы