Коронавирустың шарықтау шегі қай кезде болатыны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында вирустың таралу шегі қай кезде болатынын айтты.
Оның айтуынша, Алматыда коронавирустың таралуы шиелене түсуде. Бұл коронавирустың «дельта» нұсқасының кеңінен тарауымен байланысты.
Жыл басынан бері қалада 74 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Соңғы екі аптада вирусты жұқтыру 1,2 есеге өсті. Шілденің 1-27 аралығында вирусты жұқтырудың 18 118 жағдайы тіркелді.
2020 жылдың наурыз айынан бері қалада КВИ-дің 92 424 жағдайы анықталды. Осы жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі 3 айға болжам жасалды. Болжам бойынша коронавирустың шарықтау шегі тамыздың алғашқы онкүндігінде болады, яғни ең жоғарғы жұқтыру 12 тамызға сай келеді деп күтілуде. Ол кезде тәуліктік сырқат 1900-ден асып 2 мыңға дейін жетуі мүмкін, - деді Табынбаев.Вирустың жоғары қарқынмен таралуына байланысты Денсаулық басқармасы ауруханадағы төсек-орындар қатарын көбейте түскен. Қазір 7 мың инфекциялық төсек-орын дайындалған. Резервте 3 мың төсек-орын жүктемесі бар, оған тағы 2 мың төсек-орын қосуды жоспарланған.
Қаладағы стационарларды 3 827 науқас бар, оның 239-ы бала. Өте ауыр жағдайда 119 науқас, ауыр жағдайда - 956 адам ем алуда. Жұқпалы ауруханаларда 500 реанимациялық төсек-орын дайындалған. Онда 260 науқас ем алуда, 29 науқас ИВЛ аппараты арқылы демалуда. Пандемия басталғалы қалада 1 092 адам қауіпті індеттен қайтыс болды. Жыл басынан бері 703 адам осы аурудан бақилық болған, - деді ол.КВИ-мен күреске 6212 медицина қызметкері жұмылдырылған, резервте 1700-ден астам маман әзірленуде. Кадр дайындау бойынша жұмыстар әлі де жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мектептердегі қоңырауды домбыра күйлерімен ауыстыру ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы